2022 жылдың 19 қыркүйегі күні «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар
V республикалық интеллектуальдық конкурсының іріктеу кезеңі №93 мектеп-лицейінде өткізілуде.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамды белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурс екі тур бойынша өткізіледі.
І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру. Бүнінгі турға 4 номинация бойынша 166 оқушы бақ сынауда. Іріктеу турдан өткен оқушылар ІІ турға қатысады.