«Менің шағын Отаным»

«Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының 2022 жылғы 6 қыркүйегіндегі №1140/15-11-06 хаты негізінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар
V республикалық интеллектуальдық конкурсының іріктеу кезеңін 2022 жылғы 19 қыркүйек күні №93 мектеп-лицейінде өткізеді.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамды белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурс екі тур бойынша өткізіледі:
І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру; (қыркүйектің 19 күні, тіркеу сағат: 09:30, басталуы: сағат 10:00), іріктеу турдан өткен оқушылар ІІ турға қатысады.