«Үлгілі ата-ана мектебі: « Біздің бала бірінші сыныпта»
оқыту семинары

2022 жылы 16 қыркүйекте «Астана дарыны» ДДжПСО педагог- психологі Т. Сатымбекова Нұр-Сұлтан қаласының № 73 мектеп-лицейі ата-аналарына «Біздің бала бірінші сыныпта» тақырыбындағы семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу бойынша ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңі ата-аналар үшін өте маңызды және жауапты, сондықтан психологиялық қызмет бөлімі тексерілген материалдарды пайдаланады. Отбасылық тәрбие институты ұсынған презентациялар мен роликтер педагог-психологтерге ата-аналар қауымдастығымен жұмыс барысында өте өзекті және пайдалы брп табылады.
Семинарда ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, психологтен жауап алды .
Семинарға 88 ата-ана қатысты, олар оқу жылының басында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу іс-шараларымен танысты, бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті өту бойынша психологтердің пайдалы кеңестерін алды.
Сондай-ақ, баланың мектеп кезеңінде кездесетін қиындықтарды қалай бірге жеңу жолдары жайлы ата-аналарға құнды ұсыныстар берді.
Барлық бірінші сынып оқушыларына бейімделу кезеңінен сәтті өтуді, жақсы оқу мен жетістіктер, ал ата-аналарға биылғы оқу жылында сабырлық пен шыдамдылық тілейміз.