«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің  өкілдерімен кездесу

            2022 жылдың 16 қыркүйегінде  «Астана дарыны» ДДжПС орталығында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары З.Ж. Садықова мен елордалық филиалының директоры С. Т. Жаровамен кездесу өтті. Ұйым өкілдері қатысушыларды өз ұйымының құрылу тарихымен, миссиясымен, қоғамдық бірлестік қызметінің мақсатымен таныстырды.

          Саналы ата-ананы қалыптастыру жолында ағартушылық және «Qabilet» кәсіптік бағдар беру қызметі жұмысын біріктіріп, білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жолында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

         «Астана дарыны» орталығы мен «Сенімен Болашақ» РҚБ-ның бірлескен жұмысының мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-аналар мен балалар өз құндылықтарын тани білетін қазақстандық отбасы моделін жандандыру.

Кездесу соңында екі ұйымның өкілдері одан әрі ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылдады.