Қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы

қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауына бейне материал бойынша іріктеу өткізу мақсатында 2022 жылдың 26 қазанына дейін тіркеу жүргізетінінхабарлайды.

        Бүлдіршіндердің көркем шығармашылық, эстетикалық талғамын қалыптастыру, талантын шыңдап, өнерге басқан алғашқы қадамдарын қолдау мақсатында ұйымдастырылатын байқауға алдын ала тіркеуден өткен бейнематериал бойынша өнерпаздар іріктеледі.

        Байқаудың іріктеуіне мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтары арасында әр балабақшадан  жас ерекшелігі мен номинациялары бойынша бір тәрбиеленушіден  қатысады. Осыған орай ағымдағы жылдың 26 қазанына дейін https://forms.gle/9CXTGDeK65mKgebHA  сілтеме арқылы тіркеліп, видеоматериалды

жүктеу қажет  және көрсетілген мерзімде сағат 18:00  тіркеу жабылатынын қатаң түрде ескертеміз.

       «Елорданың еркетайы» өнер байқауы келесі номинациялар бойынша өтеді:

* Вокал / жеке орындау/  3-4 жас/5-6 жас (жас ерекшеліктеріне сай тақырыпта бір ән орындайды. Шығарма ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек)

* Вокалдық топтар 3-4 жас/5-6 жас (жас ерекшеліктеріне сай тақырыпта бір ән орындайды. Шығарма ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек)

* Хореография /топтық/ 5-6 жас (еркін тақырыпта бір би орындайды. Хронометражы

 4 минуттан аспауы керек)

* Көркемсөз  5-6 жас (балалар жазушылары шығармаларынан прозалық үзінді немесе ақын

өлеңдерін оқу. Шығарма ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек)

       Өнер байқауына қатысушыларды іріктеу – 01-07  қараша аралығы

       Іріктеудің қорытындысы  – 10-11  қараша аралығы

 Байқауғабейнематериал бойынша іріктеуден өткен  өнерпаздар қатысады. Байқаудың өтетін мерзімі мен орны қосымша хабарланады.