«Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының 2022 жылғы
6 қыркүйегіндегі №1140/15-11-06 хаты негізінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар
V республикалық интеллектуальдық конкурсының іріктеу кезеңін 2022 жылғы 19 қыркүйек пен 15 қазанда №93 мектеп-лицейінде өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамды белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурс екі тур бойынша өткізіледі:
І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру; (қыркүйектің 19 күні, тіркеу сағат: 09:30, басталуы: сағат 10:00), іріктеу турдан өткен оқушылар ІІ турға қатысады.
ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыстарды таныстыру: (қазанның 15 күні тіркеу сағат: 09:00, басталуы: сағат 09:30).
– «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
– «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
– «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
– «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Конкурсқа қатысушылары білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары арасынан 4 оқушы қатысады. Әр номинацияға бір оқушы ғана қатысады.