«М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық панорамалық сабақ беру, эссе жазу  конкурсы

«Астана дарыны»  ДДжПС  орталығы М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, Каз.КСР ҒА-ның академигі, қоғам қайраткері,  зерттеуші, аудармашы, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушылардың бірі  М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық панорамалық сабақ беру, эссе жазу  конкурсын өткізеді.   

Конкурстың мақсаты: мектеп мұғалімдерінің М.О.Әуезов шығармаларын оқытуда жаңашылдық таныту, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының қаламгер туындыларына ынтасын, сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың әдеби тіл байлығын кеңейту, баланың жазушылық машығын қалыптастыру, рухани құндылықты бойына сіңіру.

Өтетін орны: М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы (А.Бөлекпаев 20);   

Өтетін уақыты: сағат:  09.00, 28 қыркүйекте 2022 жылы.  

Тіркелу уақыты: 09:00-09:30

Қатысушылар: №№87 МГ, №57 ОМ, №72 МЛ, №74 МГ, №83 МГ,

 № 93 МГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен  9-11- сынып оқушылары.    

Ережеге  сәйкес конкурс екі бағыттан тұрады (ережесі қосымшада берілген)

І. «М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» бөлімі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  М.О.Әуезовтің туындыларын шебер оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, құндылыққа негізделген сабақ жоспарын қорғау (Панорамалық сабақ көрсету).

ІІ. «М.О.Әуезов шығармаларындағы құндылық негіздері» тақырыбында  9-11-сынып оқушылары арасында эссе жазу.  

«М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты  І қалалық панорамалық сабақ беру және эссе жазу  конкурсына қатысу сұранысы 2022 жылдың 26 қыркүйегіне  дейін сілтеме арқылы https://forms.gle/GZkPhfHv1gVTEFS27

https://forms.gle/Ea5YyhPXmaaLj8Cy5 тіркелу керек.

Конурсқа Нұр-Сұлтан қаласы бойынша №87 МГ, №57 ОМ, №72 МГ, №74 МГ, №83 МГ № 93 МГ  білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері және 9-11- сынып оқушылары қатысады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 87011092507, 87021756736, 87014342634

         Жұмыстың презентациясы мен сұранысты  алдын ала, көрсетілген үлгі бойынша 26.09.2022 жылға дейін 86mektep.gimnaziya@bk.ru поштасына жіберу қажет.

Мұғалімдер үшін…

Мұғалімнің  аты-жөні (құжат бойынша)Панарамалық сабақ тақырыбыМектебі, сыныпбайланыс телефоны
    

Оқушылар үшін…

Оқушының аты-жөні (құжат бойынша)ҰлтыМектебі, сыныпМұғалімі ( құжат бойынша аты-жөні мен байланыс телефоны толық жазылады)
    
положение