Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімімен бірлесіп Елордалық білім беру жүйесі қызметкерлерін оқыту семинарын өткізді.
Тақырыбы: «Мектеп медиациясының психологиялық-педагогикалық негіздері»
📍Оқыту семинарына 37 педагог қатысты. Мақсатты топ: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер, әлеуметтік педагогтар.