Мектепке дейінгі мекемелердің педагог- психологтерінің семинары

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 08 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі мекемелердің педагог- психологтеріне «Балалардың балабақшаға бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында семинар өтті. 
     Семинар мақсаты: баланың балабақшаға бейімделуіне жағдай жасау іс- шараларын жоспарлай білуге әдістемелік көмек көрсету.  
     Семинарға мектепке дейінгі мекмелерінен 61 педагог -психолог қатысты.
     Семинар бағдарламасы бойынша психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Гульмира Капанова «Баланың балабақшаға бейімделу кезеңінде ата- аналармен жұмыс» тақырыбы бойынша таныстырылым жасап, ата -аналар  және балалармен  жұмыс жүргізудің  тиімді әдістері жайлы  кеңінен  түсіндіріп өтті.  
     №54 «Нұрай» балабақшасының педагог -психологтері Айгерим Ахметова, Айткуль Омарова, Айгерім Рахымбаева «Балалардың балабақшаға бейімделуіне психологиялық жағдай жасау» тақырыбында іс- тәжірибелерімен бөлісті. 
               Семинарға қатысушылармен балабақшаға жаңадан келген балалар мен олардың ата-аналарында  болатын қиындықтарды анықтауға және тиімді шешуге бағытталған ситуациялық ойындар ойнатылды.   
   Психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері А. Исабекова педагог - психологтің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру, құжаттарды жүргізу, баланы зерттеуде диагностикалық әдістерді қолдану, ата-аналармен және педагогтармен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жан- жақты түсіндірді.
     Іс-шара барысында баланы жан-жақты психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, даму динамикасын бақылау және бейімдеу диагностикасын жүргізу бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар алып,  пікір алмасу болды.
   Семинар соңында педагог-психологтерге ата-аналар мен  педагогтерге арналған жадынамалар, педагог-психологтің дезадаптацияның алдын алу және баланың сәтті бейімделуі үшін жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізу үшін әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік материалдар таратылды.