Республикалық ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне өту үшін іріктеу кезеңі

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022-2023 оқу жылындағы жоспары негізінде 2-7-сынып оқушыларына арналған Республикалық ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне өту үшін іріктеу кезеңі өткізілетінін хабарлайды.

І тур –ғылыми жоба жұмыстарын плагиатқа тексеру;

ІІ тур –сараптама.

2-7 сынып оқушыларының ғылыми жоба жұмыстарын антиплагиатқа тексеру үшін 2022 жылғы қазан айының 3-7 аралығында әр оқушының ғылыми жоба жұмысының электрондық нұсқасын CD-R немесе DVD-R дискісінде аты –жөнін, сыныбын, секциясын, мектебін толық сыртына жазып тапсыру қажет (әр жоба жеке дискке жазылады).

Жұмыс жазылған дисктер тек директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларынанқабылданады. (оқушылар мен ата –аналардан, мұғалімдерден қабылданбайды).

Плагиаттан 50 пайыздан жоғары алған оқушылардың жұмыстары            ІІ кезеңге (сараптамаға) өтеді.

CD-R  немесе DVD-R дискісінде ғылыми жобаларды тапсыру кестесі:

МерзіміМектебіУақыты
103.10.2022№1,2,3,4,5,6,7,8,9 «Зерде»,10,11,12,13,14,15,16, 17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,28,29.9.00.-16.30.  
204.10.2022№30,31,32,33,34,35, 41,43,45,46,48,49,50,51,52, 53,54,55,56,57,58,59,60,61,62,63,64,65,66,67.      9.00.-16.30.
305.10.2022№68,69,70,71,72,73,74,75,76,77,78,79,80,81,82, 83,84,85, 87,93.9.00.-16.30.
406.10.2022«Экономикалық лицей», «SEED school», Алпамыс, «Smart school», «Quantum STEM school», «Astana Garden school», Столичный №1, «Орталық» экономикалық мектебі, «Жаркын smart»9.00.-16.30.
507.10.2022№36,37,38,40,42,44,47,86, 88,89,90,91,92,БИЛ қ, БИЛ ұ, Бином мектептері9.00.-16.30.

         Ескерту: ғылыми жобалар конкурсына қатысушылардың дисктегі жұмыстары көрсетілген уақыттан кейін қабылданбайды.

         Қосымша мәліметті мына мекен–жай бойынша ала аласыздар: «Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел даңғ. 55/13, 5 пост, блок С2.1, ұ.т.87021228396.