«4К» бойынша  10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен «Елбасы Академиясы» КҚ арасында 2021 жылғы 23 маусымда жасалған №43/ГЗ мемлекеттік тапсырма шартын орындау шеңберінде 10-11 жастағы балалардың қабілеттілігін диагностикалау және нәтижелерін интерпретациялау бойынша «Qabilet» қызметі жұмысын жүргізу жалғасуда.

         «Астана дарыны» ДДжПС орталығы «Qabilet» қызметінің мақсаты оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру болып табылады.

Ағымдағы оқу жылының 7-30 қыркүйек  аралығында  Байқоңыр ауданы білім беру мекемелерінің оқушыларына  10-11 жастағы балалардың қабілеттерін онлайн диагностикалау жүргізіледі.

         Диагностикадан өту ережелері мен ақпаратты https://qabilet.elbasyacademy.kz/  сілтемесі арқылы алуға болады.