«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру мақсатында 2-7-сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңін өткізеді. Конкурсқа қатысушылардың тізімі 2022 жылғы қыркүйек айының 30-на дейін көрсетілген сілтеме
бойынша тіркелу керек.
Төмендегі секциялар бойынша:
1-секция – қазақ тілі мен әдебиеті;
2-секция – орыс тілі мен әдебиеті;
3-секция – тарих, өлкетану,этномәдениеттану;
4-секция -физика- техника;
5-секция -математика-информатика;
6-секция – химия-биология;
7-секция – медицина- психология;
8-секция -экология- валеология;
9-секция – робототехника.
Сұранысқа мектепшілік кезеңнің нәтижесі бойынша Конкурстың қалалық (іріктеу) кезеңіне І орын алған оқушылардың тізімі беріледі. Әр секциядан 2 оқушыдан жас ерекшелігіне байланысты: І топ – 9 оқушы (2-4 сыныптар), ІІ топ – 9 оқушы (5-7 сыныптар), барлығы 18 оқушы. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші (мектепшілік) кезеңі хаттамасының көшірмесі бірге беріледі.
Ескерту: 2-7-сынып оқушыларына арналған Республикалық ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне тіркеу 2022 жылғы қыркүйек айының 30-нан кейін қабылданбайды.
Жұмыстың электрондық және қағаз нұсқасы төмендегі берілген үлгі бойынша (Excelде) мына мекен-жайға тапсырылады:«Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел -55/13, пост-5, С2.1,E-mail: astanadaryn@mail.ru