«Үлгілі ата-ана мектебі: « Біздің бала бірінші сыныпта» оқыту семинарының Баспасөз хабарламасы

Өтетін орны: №8 мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан қ., С.Сейфуллин көшесі 56

Өткізу мерзімі: 08.09.2022 жыл

Басталуы: 10:00 сағ.

Өткізу нысаны: оқыту семинары

Мақсатты аудитория: Бірінші сынып ата-аналары.

Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу бойынша ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту.

Жетекші дәріскер: «Астана дарыны» ДДжПСО педагог-психологі – Сатымбекова Талжібек Сатылғанқызы.

Семинар психологтің бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті өтуіне байланысты ата-аналарға арналған презентациясы негізінде жүргізіледі.

Презентацияда аса маңызды үш «Б» заңын (Бейімделу, Бедел, Белсенділік) ескеру және қолдану туралы айтылады.

Ата-аналар бейімделу кезеңінде психологиялық-педагогикалық қолдау іс-шараларының жоспарымен танысады, 1-сынып оқушысы кездесетін қиындықтарға және олардың алдын алуға байланысты психологтердің пайдалы кеңестерін алады. Ата-аналар осы мәселе бойынша өз пікірлерімен бөліседі және психологтен өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алады.

Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» ДДжПСО сайтының психологиялық қызмет бөлімінен алуға болады.

Құрметті № 8 мектеп-лицейінің бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, сіздермен кездесуге қуаныштымыз.