Психологтерге арналған әдістемелік семинар

    2022 жылдың 5 қыркүйегінде «Астана дарыны»  ДДжПС орталығының  психологиялық қызмет бөлімі «2022-2023 оқу жылына білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің құжаттамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар өткізді, оған қала колледждердің 16 педагог- психологі қатысты.       
   Психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г. К. Капанова семинарды алғы сөзбен ашып, колледж педагог-психологтерін ҚР Білім Министрлігінің 25.08.2022 ж. № 377 «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен таныстырды. 
  Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина семинарға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу ережелерін, психологиялық-педагогикалық қолдау процесін, психологиялық қызметтің жұмыс принципін және 5 қызмет бағытын ұсынды.
   Сондай-ақ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы ұсынған «Білім алушылар арасында деструктивті/аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына енгізу алгоритмімен таныстырылды. 
  Бөлім әдіскерлері «HR+ автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі» жұмысына және елордалық педагог-психологтердің сапалық құрамы туралы ақпаратты толтырудың өнімділігіне талдау жүргізді.

Семинар қорытындысы бойынша педагог – психологтерге қызметті жоспарлау, сондай-ақ құжаттаманы жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.