Психологтерге арналған әдістемелік семинар

2022 жылы 2 қыркүйекте психологиялық қызмет бөлімі «2022-2023 оқу жылына білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің құжаттамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар өткізді, оған қала мектептерінің 159 педагог-психологі қатысты.

         «Астана дарыны» ДДжПСО директорының орынбасары Г. М. Буралкиева педагог- психологтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, ҚР Білім Министрлігінің 25.08.2022 ж. № 377 «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарымен таныстырды. 

Психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г. К. Капанова және бөлім әдіскері Л.Ж. Бодикова семинарға қатысушыларға орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу ережелерін, психологиялық-педагогикалық қолдау процесі қызметінің негізгі қағидаттары мен 5 бағытын ұсынды.

Сондай-ақ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы ұсынған «Білім алушылар арасында деструктивті/аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын» орта білім беру ұйымдарында енгізу алгоритмімен таныстырды.

Бөлім әдіскерлері «HR+ автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі» жұмысына және астаналық педагог-психологтердің сапалық құрамы туралы ақпаратты толтырудың өнімділігіне талдау жүргізді.