«Астана дарыны» ДДжПСО 2022 жылғы тамыз айында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

         2022 жылдың тамыз айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы 3 іс-шара өткізді, оның ішінде 2 республикалық және 1 қалалық. Аталған іс-шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 15 оқушы қатысып, 3 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 1;

III орын – 2.

         ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2022 жылдың 14-17 тамыз күндері Семей қаласы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқуларын өткізді. Республикалық Абай оқуларының шешуші кезеңіне 6 номинация бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан қалалық кезең жеңімпаздары қатысты, нәтижесінде (І орын – 1, ІІІ орын – 2, грамота – 1):

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша №68 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Махмутова Ақнұр – І орын, (жетекшісі Султанова Даметкен Михаиловна;

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша №87 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан – ІІІ орын, (жетекшісі Біржанқызы Әйгерім);

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылығы) номинациясы бойынша №72 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы                Дархан Дариға – ІІІ орын (Адильбекова Жанар Советхановна);

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша № 87 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сексенбаева Нишонгүл – грамота (жетекшісі Кәрімхан Заңғар) иеленді.

             25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты дәстүрлі конференция өтті.

             Конференция аясында көрме ұйымдастырылып, оған елордалық №3 МЛ, №8 МЛ, №15 МЛ, №38 МЛ, №47 МГ және №64 МЛ мектеп оқушылары ғылыми жобаларымен қатысты.

             Балалар өмір сапасын жақсарту үшін өздерінің жобалық жұмыстарын ұсынды. Жас дарындардың инновациялық туындылары көрермендердің ықыласына бөленді, ұстаздар балаларды қызыға тыңдап, сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

         25 тамыз күні ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.

         Биыл ірі халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 27 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль, осылайша соңғы жылдардағы рекордтарды жаңартты. Команда құрамында астаналық 2 оқушы бар: «SPEKTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы Сам Фетуллах – математикадан халықаралық олимпиаданың (IMO) күміс жүлдегері, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейінің» оқушысы Омар Дінмұхаммед – биология бойынша халықаралық олимпиаданың (IBO) күміс жүлдегері.

         Кездесу барысында министр жеңімпаздарды, педагогтар мен ата-аналарды құттықтап, ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады. Зияткерлік жарыстардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйлыққа және ҰБТ тапсырмай ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

Бөлім қызметкерлері 15 тамызда ҚР БҒМ 21.02.2021 жылғы № 57 бұйрығындағы 3-тармаққа сәйкес № 24 орта мектепке педагог кадрларды жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысына қатысты.

16 тамызда елорданың педагог қызметкерлерінің біліктілік санатын беру (растау) бойынша аттестаттау комиссиясының сараптама тобының жұмысына қатысты.

2022 жылғы 23 тамызда Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназия базасында Педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз конференциясы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары үшін «Білім беру бағдарламасы аясында дарындылықты дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» панельдік секциясының отырысы өтті. Алаң жұмысына 85 адам қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты білім беру мекемелері директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына диалог алаңын ұсыну болды. Педагогтер дарынды балалармен жұмыс істеу проблемалары мен перспективаларын анықтау, ұйымдастыру-әдістемелік мазмұнын жаңарту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Секция қатысушылары олимпиаданың республикалық кезеңіне дайындық деңгейін қалай арттыру, өз жобаларын әзірлеу мен дайындау кезінде неге назар аудару қажеттігін, сондай-ақ конкурстарда сәтті қорғау туралы ұсыныстар алды. Қатысушылар интерактивті форматта өз сұрақтарына жауап алды. Секция жұмысының нәтижесі бойынша қатысушылар іс-шараның креативтілігін атап өтті. Секция жұмысы туралы тек оң пікірлер айтылды.

Секция барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық және республикалық кезеңдеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері айтылды, оның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері директорларының бейінді оқыту жөніндегі 20 орынбасары «Астана дарыны» ДДжПСО атынан алғыс хаттарға ие болды.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

Психологиялық  сүйемелдеу бөлімі балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту және ата-аналарға балаларын түсінуге, олармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, ішінара қателіктерге назар аударуға, балаларды тәрбиелеуге көмектесу мақсатында ата-аналар қауымдастығымен ағарту жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу бойынша ұсыныстар әзірленіп, «Баланың мектепке психологиялық дайындығы», «Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес», «Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына психорлог кеңесі», «Ата-аналардың балалармен жанжалдары шешу жолдары» тақырыбында жадынамалар таратылды.

Психологиялық сүйемелдеу бөлімі педагогтерге әдістемелік көмек көрсету  және  өмірлік қиын жағдайында қалған балаларға қолдау көрсету  мақсатымен «Қолдау» психологиялық сүйемелдеу орталығы және «Право» ҚҚ бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, балаларды суицидологқа бағыттау (өз-өзіне қол жұмсауды оңалту) бойынша жұмыс жүргізілді.

2022 жылы 18 тамыз күні бөлім психологтері Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар қоғамдастығына арналған тамыз конференциясы аясында ата-аналар секциясының жұмысына белсенді қатысты.

2022 жылы 19 тамыз күні психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы  аясында  Нұр – Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Психологиялық қызметтің тиімді жұмыс істеу моделі» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн форматта панельдік секция және  офлайнда өткен 4 секция жұмысында шеберлік сыныптары көрсетілді. Конференцияға мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер мен колледждерден 216 педагог-психолог қатысты. Сонымен қатар тамыз конференциясында ата-аналар үшін – «Балаларды тәрбиелеудегі мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылы» секциялық отырысы өтті, ол «Time-management: оқу ата-аналары мен балалардың өзін-өзі ұйымдастыру негіздері», «Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың қағидалары мен әдістері», «Ата-аналармен жұмыс жасаудағы тренингтік технологиялар» тақырыптарында баяндамалар оқылып, тренингтер өткізілді. Конференцияға 110 ата-ана қатысты.

22.08.2022 жылы ҚР білім және ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Жеткіншектер ортасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы»  таныстырылымы бойынша  Республикалық семинар өтті. Семинарға бөлімнің және елордалық білім беру мекемелерінен 124 педагог-психолог қатысты.

23.08.2022 ж. «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдермен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбымен педагогикалық ТжКБ қалалық тамыз конференциясы шеңберінде педагогикалық коучингке қатысып,  баяндама жасалды. Youtube каналында тікелей эфирде ZOOM платформасында онлайн қатысу формасы 468 рет қаралды.

24. 08.2022 ж. Мектеп педагог-психологтері үшін сапалы құрамды толтыру бойынша ZOOM платформасында онлайн жиналыс өтті, 78 қатысушы қамтылды.

26.08.2022 ж. мектеп педагог-психологтеріне 27. 08.2022 ж. колледж педагог-психологтеріне Zoom платформасында сапалы құрамды толтыру бойынша онлайн оқыту өткізілді, «АСППМ HR+» платформасында 132 психолог қамтылды.

27.08.2022 ж. «2022-2023 оқу жылына арналған оқу жоспарларын құрастыру және  оқу жүктемесімен танысу бойынша мектеп  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының отырысында «Денсаулық және өмірлік дағдылар»  элективті курсының таныстырылымы  жасалды.

31.08.2022 ж. «2022-2023 оқу жылына психологиялық қызметтің құжаттамасын ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» бойынша ЭКСПО конференц-залында офлайн форматында әдістемелік семинар өтті. 100 педагог-психолог қамтылды.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі ағымдағы жылғы 17-21 тамыз аралығында EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «KIDS EXPO Балалар әлемі» балалар тауарларының жәрмеңкесіне қатысады.

Іс-шара Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Жәрмеңкеде: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (Ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар киімдері, керек-жарақтар мен аксессуарлар және т.б. бағыттар бойынша қамтылған.

Жұмыстың негізгі мақсаты-ата-аналарды, оқушыларды қызмет барысы туралы ақпараттандыру, балаларды диагностикалау және олардың кәсіби бағыттылығы мен қабілеттерін анықтау бойынша жедел кеңес беру.