Өтетін мерзімі: 23.08.2022 ж., басталуы: сағ. 10.00
Өтетін орны: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы (А. Иманова к., 37)
Мақсатты топ: білім беру мекемелері директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарлары
Модератор: Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры.
2022 жылдың 23 тамызы күні Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы білім беру мекемелері директорларының бейіндік оқыту бойынша орынбасарларына арналған «Білім беру бағдарламасы аясында дарындылықты дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» секция отырысын (бұдан әрі – Секция) өткізеді.
Секция педагогтердің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілмек.
Мақсаты: білім беру сапасын арттыру бойынша нақты кейстерді, дарынды балалармен мәселелер мен перспективаларды анықтау мүмкіндігін талқылау, ұйымдастыру-әдістемелік мазмұнды жаңарту, дарынды балалармен жұмыс жүйесін жақсарту үшін практикалық тәжірибе алмасу үшін білім беру мекемелері директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарларына, білім беру ұйымдарының педагогтеріне диалог алаңын ұсыну.
Секция отырысында сөз сөйлеушілер:
Аманкельдиева Асыл Аманкельдиевна – Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы;
Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры;
Кусаинова Лаззат Абаевна – «International Centre of Scientific Collaborations» жеке мекемесінің президенті, ҚР Патенттік сенімді өкілі, з.ғ. к./ PhD, дүниежүзілік ғылыми сауаттылық ұйымының Дайындық комитетінің мүшесі (WOSL), ғылыми білім беру кеңесінің мүшесі (IAP SEP), саясаттану магистрі;
Токсанов Сапар Нурахметулы – Astana IT University, Біліктілік және кемелдік орталығының директоры
Шалкарбеков Санжар Жаксыбекович – Нұр-Сұлтан қаласындағы «ROBOTEK.KZ» білім беру және спорттық робототехника мектебінің директоры;
Сакимов Ильяс- «Edlight Аcademy» білімді қолдау орталығы;
Жараспай Мажит – «Болашақ чемпиондарды ғылыми олимпиадаларға дайындау» оқыту бөлімінің басшысы;
Ещжанов Талгат Есмаханбетович – «Астана» Халықаралық университеті Педагогикалық институтының директоры, PhD докторы;
Карибеков Нурперзент Жанабаевич – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі бөлімінің басшысы.
Секция отырысы ғылыми қоғамдастықтың ақпарат алмасуын жолға қоюдың, дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен алмасудың өзіндік алаңына айналады, қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелері туралы сөз қозғайды.
Секция соңында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық және республикалық кезеңдерінің қорытындысы шығарылады, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары директорларының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларын марапаттау рәсімі өтеді..
Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» орталығынан алуға болады. Мекенжайы: Мәңгілік ел к., 55/13, 5 пост, 2С.1 блок, e-mail: astanadaryn@mail.ru. Байланыс телефоны: 8 778 739 39 83