Елордалық педагог – психологтердің тамыз конференциясы

2022 жылдың 19 тамызы күні Нұр-Сұлтан қаласы Көрме-ЭКСПО базасында педагогикалық қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен педагог-психологтерге арналған «Психологиялық қызметтің тиімді жұмыс істеу моделі» тақырыбында секциялық жұмыс өтті.
Секция жұмысына мектепке дейінгі білім беру мекемелері, мектептер мен колледждерден 216 педагог-психолог қатысты. Конференция аясындағы панельдік секцияның жұмысы Youtube каналында тікелей көрсетілімі бар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Панельдік секцияның жұмысын Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Л.Орынбасарова алғы сөзімен ашты.
Секция қонақтары тыңдаушыларға психологиялық жұмыс үшін пайдалы ақпарат ұсынды. Психологиялық сүйемелдеу қызметінің (бұдан әрі – ПСҚ) үйлестірушісі М. Шубина ПСҚ-да балалар мен ата-аналар үшін тегін психологиялық көмек алу мүмкіндігі туралы айтып өтті. Р.Белгібаев «HR+ автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі» жобасының жетекшісі, «Bilim Foundation» ҚҚ психолог-үйлестірушісі Р. Жүнісова – психологтің күнделікті жұмысында қолдануға болатын инновацияларды ұсынды.
Секциялық алаңдар жұмысына «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г.Капанова және әдіскерлер А.Исабекова, Л. Бодикова, К. Хамзина, Т.Сатымбекова жетекшілік етті.
Білім беру мекемелерінің жетекші педагог-психологтері А. Жаппашева, Б.Шонаева, К.Загипарова, О.Абрамова, И.Астрелина, М.Шаймердинова және С.Сулейменова психологтерге арналған шеберлік сыныптарын жүргізіп, білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын психологиялық сүйемелдеудің озық тәжірибелерімен бөлісті.
Секциялық жұмыс барысында елордалық психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы, сондай-ақ психологиялық қызмет жұмысының тиімді моделін дамыту мәселелері мен перспективалары, баланың психологиялық дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ететін педагог-психологтің (педагогтермен, ата-аналармен және оқушылармен) жұмысының ұйымдастырушылық нысандарының дәйектілігі және білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық күш-жігерін үйлестіру талқыланды.
Секция жұмысының нәтижелері бойынша елорданың білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру мақсатында рефлексия жүргізілді.
Конференция педагог-психологтерді марапаттау рәсімімен аяқталды, барлық қатысушылар конференция туралы жағымды, оң пікірлер қалдырды.