Педагог-психологтер үшін «Психологиялық қызметтің тиімді жұмыс істеу моделі» атты конференция

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 53\2, Көрме-ЭКСПО

 Өткізу уақыты: 19.08.2022 ж., 11.00-13.00 сағ.

 Мақсатты аудитория: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, мектептер мен колледждердің педагог-психологтері (200 адам).

 Өткізу формасы: конференция.

 Секция қонақтары: Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының  психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі жобасының өкілдері,  «Құқық» ҚҚ, «Bilim Foundation» ҚҚ, психологиялық сүйемелдеу қызметінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагог-психологтері.

      Нұр-Сұлтан қаласының педагог қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі 2022 жылғы 19 тамызда педагог-психологтер үшін «Психологиялық қызметтің тиімді жұмыс істеу моделі»тақырыбында конференция өткізеді.           

       Конференция барысында елордалық психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы шығарылады, сондай-ақ психологиялық қызмет жұмысының тиімді моделінің даму мәселелері мен перспективалары, баланың психологиялық дамуын кешенді сүйемелдеуді және білім беру процесіне қатысушылардың күш-жігерін үйлестіруді қамтамасыз ететін педагог-психологтың (педагогтермен, ата-аналармен және оқушылармен) жұмысының ұйымдастырушылық нысандарының бірізділігі талқыланады.

      Спикерлер пилоттық режимде апробациядан өткен психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі бағдарламасының аралық нәтижелері туралы айтып береді.

      Секциялық алаңдарда мектепке дейінгі ұйымдардың психологиялық қызметінде Инновациялық технологияларды жетілдіру туралы мәселелер қаралатын болады, жанжалды жағдайларды реттеу әдістерінің бірі ретінде психологиялық айкидо тәжірибесі көрсетілетін болады. Білім беру процесін психологиялық сүйемелдеудің және оқушылардың психологиялық денсаулығын қалыптастырудың озық практикалық тәжірибесін жинақтау бойынша шеберлік сыныптары өтеді. Секция жұмысының нәтижелері бойынша психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру мақсатында рефлексия жүргізіледі.

      Конференция педагог-психологтерді марапаттау рәсімімен аяқталады. Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» орталығынан алуға болады: Мәңгілік Ел көшесі,55/13, 5 Пост, 2с.1 Блок, e-mail: astanadaryn@mail.ru телефоны: 8 778 739 39 8