ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2022 жылдың 14-17 тамыз күндері Семей қаласы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқуларын өткізді
Республикалық Абай оқуларының шешуші кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары үздік нәтиже көрсетті:
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы – № 68 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Махмутова Ақнұр Махамбетқызы -l орын;
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – №87 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан Жиентайқызы – ІІІ орын;
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылығы) номинациясы – №72 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Дархан Дариға-lll орын;
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы – № 87 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сексенбаева Нишонгүл-грамота
Еліміздегі ең ауқымды өнер додасы – Абай оқуларында жеткен жетістіктерімен елордалық оқушыларымызды құттықтаймыз!