Абайдың жолымен Абайдың еліне…


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2022 жылдың 14-17 тамыз күндері Семей қаласы, Абай ауданында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық Абай оқуларын өткізеді.
Республикалық Абай оқуларының шешуші кезеңіне 6 номинация бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан қалалық кезең жеңімпаздары қатысады:

  1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – №87 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан;
  2. «Абайдың қарасөздері» номинациясы – № 38 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Джеткергенов Магжан;
  3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы – № 87 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сексенбаева Нишонгүл;
  4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – № 68 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Махмутова Ақнұр Махамбетқызы
  5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылығы) номинациясы – №72 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Дархан Дариға;
  6. «Ұлылар әлемі» (эссе жазу) номинациясы – № 67 гимназияның 11 сынып оқушысы Ұзақ Айсұлу.
    Еліміздегі ең ауқымды өнер додасы – Абай оқуларында елорда атынан бақ сынайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!