Елордалық оқушылар Халықаралық олимпиададан екінші күміс медаль иеленді

Елордалық оқушылар Халықаралық олимпиададан екінші күміс медаль иеленді

Биологиядан халықаралық олимпиада-IBO 2022 жылдың 10-18 шілде аралығында Ереван қаласында (Армения) өтті.
Олимпиадаға әлемнің 62 елінен 248 олимпиадашы қатысты!
Елордалық оқушылар бізді Халықаралық зияткерлік аренадағы жетістіктерімен қуантуды жалғастыруда!
Осылайша, жас биолог Омар Дінмұхаммед
жоғары нәтиже көрсетіп, осындай беделді және қиын биология олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды!
Дінмұхамедті жеңісімен құттықтаймыз және жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!