Назар аударыңыз! Талапкерлерге арналған Kozybayev University (СҚМУ) қос диплом бағдарламасы туралы ақпарат.

Назар аударыңыз! Талапкерлерге арналған Kozybayev University (СҚМУ) қос диплом бағдарламасы туралы ақпарат. Биылғы жылы оқуға түскен талапкерлер екі диплом алуға үміткер бола алады: Қазақстандық және Американдық. Оқытуды халықаралық және қазақстандық профессорлар жүргізетін болады. Соңғы семестрде студенттер Америкада, Аризона университетінің негізгі кампусында оқиды. Тапсыру үшін сізге 2 компонент қажет: IELTS 5.0 сертификаты немесе оның баламасы және ҰБТ сертификаты. Оқыту толығымен тегін. Биыл барлығы – 500 грант.

Құжаттарды қабылдау жөніндегі нұсқаулық: Аризона университетімен бірлесіп әзірленген бағдарламалар бойынша квоталанатын білім беру гранттарына арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар беру жөніндегі нұсқаулық – www.nku.edu.kz