2022 жылдың 9-16 шілдесінде IMO-2022 математикадан кезекті халықаралық олимпиада өтті. 63-ші Халықаралық математикалық олимпиада Норвегияның Осло қаласында өтті. Жоғары сынып оқушылары арасында жыл сайын бір елде өткізілетін математика бойынша әлем чемпионаты. Соңғы жылдары олимпиадаға бес құрлықтың 100-ден астам елі қатысады. Қазақстан құрама командасының құрамында елордалық "Spektrum" халықаралық мектебінің оқушысы Сам Фетуллах қатысып, күміс медаль жеңіп алды. Біздің жеңімпазды құттықтаймыз және оған одан да көп жеңістер тілейміз!