Математикадан 5-6 сынып оқушыларының Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау

2022 жылдың 4 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі рәсімі өтті.

Олимпиадаға қатысқан елордалық 10 мектептен (№№1 МЛ, 37 МЛ,     59 МЛ, 66 МЛ (3), 70 МЛ, 73 МЛ, 76 МЛ, 84 МЛ, 92 МЛ, Binom school Turan) 12 оқушының 10 марапатталды:

Бас жүлде -1 (№76 МЛ);

І орын -2 (№59 МЛ, №66 МЛ);

ІІ орын – 4 (№66 МЛ, №70 МЛ, №73 МЛ, Binom school Turan);

ІІІ орын -3 (№1 МЛ, №66 МЛ, №92 МЛ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары және «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының ақшалай силықтары (Бас жүлде – 50000 тг., І орын 30000 тг., ІІ орын 20000 тг, ІІІ орын 10000тг.) табысталды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасында елордалық оқушылар командасы «Бас жүлде» иегері атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!