Тәжірибе алмасу бойынша семинар-практикум

2022 жылдың 23 маусым күні «Астана дарыны» ДДжПСО және «Co-Make» ҚҚ әріптестік аясында Қостанай облысы Білім басқармасы және Арқалық қаласы әкімінің қолдауымен Арқалық қаласында мектеп педагог-психологтері үшін оқыту семинар – практикумы ұйымдастырылды. Іс-шара Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы гимназия базасында «Мектеп психологінің жұмысындағы автоматтандырылған психодиагностика: жағдайлары, мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында өтті.

             Семинарды «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы, автоматтандырылған психодиагностика бағдарламаларының халықаралық тренері, суицидтің алдын алу бағдарламасының өңірлік тренері, ұлттық сарапшы, «педагог – шебер» біліктілігінің практик-психологі Г.К. Капанова өткізді.

           Семинар барысында іс жүзінде тренинг элементтері, оқушылардың жағымды уәждемесінің тәсілдері мен әдістері, сондай-ақ мектептегі ата-аналармен ағартушылық жұмыс жүргізуге арналған бейнероликтер көрсетілді. Арқалық қаласының жетекші психологі К. С. Нұрғазина жаттықтырушымен бірге психологтерге оқушылармен жұмыс істеуге қажетті автоматтандырылған тестерді тәжірибеде сынап көруге мүмкіндік жасады. Бағдарламалармен жұмыс жүргізу Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының әлеуметтік педагогтері мен оқытушыларының қызығушылығын тудырды. Педагогикалық институттың оқытушысы А. Е. Гайсина осындай семинарлардың маңыздылығын және жаңа технологияларды енгізу кезінде ЖОО-ның мектеп психологтерімен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

          «Co-Make» ҚҚ директоры И.А. Калюжная Арқалық қаласының әкіміне және Білім бөлімінің басшысы Мәметеков Есламбек Жеңісұлына тәжірибе алмасуға  жағдай жасағаны үшін  ризашылығын  білдірді.

          Семинарға қатысушылар «Амалтея» бағдарламасының күнделікті жұмыстағы мүмкіндіктерін, психодиагностиканың маңыздылығын атап өтіп, жаңа оқу жылында жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

         Оқытудан өткен педагог-психологтер психологиялық қызмет жұмысын жетілдіруге қызығушылық танытып, қолдау көрсеткені үшін Арқалық қаласының әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлына және «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөліміне құнды әдістемелік тәжірибесі үшін алғыстарын   білдірді.