ХV республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қорытындысы

2022 жылғы маусым айының 6 – 10 күндері аралығында ХV республикалық математикалық «Бастау»  турнирі Алматы қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебінің базасында офлайн  режимде өтті.

         Нұр-Сұлтан  қаласынан аталған турнирдің қалалық кезеңі бойынша үздік шыққан №№ 35,66 мектеп-лицейлерінің командалары қатысты.

         Турнирдің республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды:

   І тур   «Әу, баста!» (командалық сынақ);

   ІІ тур   «Асық»   (командалық сынақ);

   ІІІ тур «Математикалық  бәйге» (жеке сынақ).

Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған №66 мектеп-лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІ орын және №35 мектеп- лицейінің  командасы жалпыкомандалық ІІІ орын иеленді.

         Қатысушылардың арасынан озық шыққан оқушылар марапатталды: 

ІІІ орын – Кемал Ақан, №66мектеп- лицейінің 2-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Биғаріпов Аяділ, №66 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;

ІІІ орынТусупбаев  Нуржигит, №66 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;
ІІІ орын – Жанатаев Алижан, №35 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;

ІІ орын – Накоскин Владислав  №35 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;

Республикалық математикалық «Бастау»  турнирінің жүлдегерлерін, ата-аналарын және оларды дайындаған ұстаздарын құттықтаймыз!