Бүгінгі таңда қоғамға жоғары білімді, шығармашылық қабілеті және кәсіби шеберлігімен ерекшеленетін, адамгершілік ұстанымы жоғары тұлғаны дайындайтын мектептер қажет.
Жас дарындарды бастауыш сыныптан бастап анықтау оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми сайыстарға жүйелі түрде дайындауға кезең-кезеңімен қосуға ықпалын тигізеді.
Олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу мен жетістіктер астаналық оқушыларды зияткерлік сайыстарға белсендірек қатысуға ынталандырады.
Елорда мектептері оқушыларды зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми сайыстарға дайындауға үнемі көңіл бөліп отырады, бұл үлгерім сапасына да оң әсер етеді.
«Ең үздік олимпиадалық мектеп» номинациясы
- Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі;
- «NURORDA» мектеп–лицейі;
- Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі;
- №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі;
- №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;
- №66 мектеп–лицейі;
- №70 мектеп–лицейі;
- №77 мектеп–лицейі;
- №73 мектеп–лицейі;
- №4 мектеп-гимназиясы.
«Үздік жас өнертапқыштар» номинациясы
- Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі;
- №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі;
- №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;
- №66 мектеп–лицейі;
- №70 мектеп–лицейі;
- №73 мектеп–лицейі;
- №4 мектеп–гимназиясы;
- №87 мектеп–гимназиясы;
- № 64 мектеп–лицейі;
- №38 мектеп–лицейі.