«Елорда дарындары» Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгіновтің халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаз-жүлдегерлерімен кездесуі

Өткізілген күні: 1 маусым, 2022 жыл. сағат 12:00

Өткізілген орны: Әл Фараби атындағы оқушылар сарайының амфитеатры, Ұйымдастырушылар: Білім басқармасы, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық орталығы.

Кездесуге қатысқандар: халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Қатысушылардың жалпы саны: 115 адам.

1 маусым Балаларды қорғау күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің дарынды балалармен кездесуін ұйымдастыру дәстүрлі үрдіске айналды.

Іс-шараның мақсаты – елордалық дарынды жастарды қолдау және насихаттау, интеллектуалдық дамыту іс-шараларына қатысу мотивациясын қалыптастыру үшін жағдай жасау, көшбасшылық, дарындылық, шығармашылық және патриотизмнің табысты үлгілерін насихаттау.

Кездесуге 2021-2022 оқу жылында Өзбекстан,  Әзірбайжан, Ресей, Румыния, Венгрия, Бразилия, Кипр, Оңтүстік Корея, Катар, Үндістан, Нидерланды, Жапония, Қытай, Америка сияқты елдерде өткізілген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаз-жүлдегерлері атанған елордалық оқушылар қатысты.

Бұл кездесу – халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларда өз білімін таныта білген жас дарындардың табысының жемісі.

Жыл сайын елордалық оқушылар командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда командалық бірінші орынды иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болып келеді.

Биыл Нұр-Сұлтан олимпиада құрамасы рекордтық медаль жеңіп алды: 93 жүлде, оның ішінде 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль.

          Ашық пікір алмасу мен ой бөлісу форматында өткен кездесуде жас таланттар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды.

Кездесу барысында оқушылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімі атынан алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.