«Жұлдыздар жарқырайды -2022» салтанаты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының «Жұлдыздар жарқырайды – 2022» қалалық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын құрметтеуге арналған салтанатты кеші 2022 жылдың 21 мамыры күні сағат 18.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының театр залында өтті.
Өз жетістіктерімен елордадағы көшбасшы білім ордасы «Білім-инновация лицейі» ұжымын құттықтау үшін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Каринова, ҚР Мәжілісінің депутаты Б.Смағұл жән т.б. қонақтармен қатар қазақ эстрада жұлдыздары да қатысты.
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде мамандандырылған мектептер арасында жүлделі орындар саны бойынша «ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА-2022» І дәрежелі диплом иегері.
Республикалық пән олимпиадасы қорытындысы бойынша (математика, информатика) – 21 медаль, оның ішінде: 7 алтын, 3 күміс және 11 қола иеленіп «Ең үздік олимпиадалық мектеп» атанып, «Үздік 100 мектеп» қатарында алғашқы үштіктен көрінді.
Білім ордасының оқушылары мен мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз. Еңбектеріңіздің ел игілігіне асқандығына қуана отырып, дарынды ұрпақ тәрбиелеуде бұдан да биік, асқаралы асулардан өте берулеріңізге тілектеспіз!