№70 мектеп-лицейіндегі «Жұлдыздар шеруі» мерекесі

Бүгін, 20 мамыр күні, №70 мектеп-лицейінде республикалық, қалалық және аудандық пәндік олимпиадалар мен интеллектуалдық конкурстардың жеңімпаздарын құрметтеуге арналған «Жұлдыздар шеруі» мерекесі өтті.
Биылғы оқу жылында №70 мектеп-лицейі республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерден жүлделі орындар саны бойынша үздік үштікке кіріп, «ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА-2022» І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Астана дарыны» ДДжПСО-ы білім ордасының оқушылары мен мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтайды, жұлдыздары жарқырай берсін!