Білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиада

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде, Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиаданы 2022 жылдың 21 мамыр күні өткізеді.
Олимпиада жаратылыстану, дүниетану, математика, қазақ тілі (оқу тілі-қазақша), орыс тілі (оқу тілі – орысша), ағылшын тілі пәндері бойынша өтеді.
Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінің сұранысы негізінде 4-сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада жаратылыстану, дүниетану, математика пәндері бойынша №3 мектеп-гимназиясында (Республика д., №35 үй), қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша №85 мектеп-лицейінде (Қабанбай батыр д., 56/1 үй) өтеді.
Қатысушыларды тіркеу: сағат: 8.00-де;
Олимпиаданың басталуы: сағат: 9.00-де.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!