2022 жылдың 19 мамыры күні «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің педагог – психологтеріне арналған «Менің кәсіби шығармашылығым» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинарға мектепке дейінгі мекемелерден 40 педагог- психолог қатысты.
«Н.Әбдіров атындағы №33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінің педагог- психологі, «Үздік жыл психологі-2021» республикалық сайысының жеңімпазы Алия Аренова «өзін өзі таныстыру» таныстырылымын дайындау, авторлық бағдарлама жұмысын жазу, портфолио жинақтау және оларды жүзеге асыру туралы өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Алия Балтабековна Аренова білімін үздіксіз жетілдіретін,көп оқып, ізденетін жаңашыл педагог – психолог ретінде Республикаға танымал маман.
А. Аренованың айтуынша, педагогикалық тәжірибе – шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе. Ол сонысымен өте құнды, әрі психолог тәжірибесіне жаңалық енгізеді.
Педагогтер, ата – аналар және балалармен жүргізілетін психологиялық тапсырмаларды қатысушылармен жүргізіп, тәжірибе көрсетті. Жаттығулар мен тапсырмалар қатысушылар үшін өте қызықты және әдістемелік жағынан пайдалы болды. Семинар мазмұнды өтіп, қатысушыларға жақсы әсер қалдырды. Қатысушылар семинар мазмұнына оң баға беріп,алдағы уақытта да тәжірибе алмасу үрдісінің жалғасын табуға ұсыныстар айтты.