2022 жылғы мамыр айының 7-8, 12 күндері аралығында 5-11 сынып оқушыларына арасында «Математика және модельдеу» атты Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және математикаға деген қызығушылығын ояту, қолдау.
Конкурс 12 секция бойынша ұйымдастырылды:
1 секция: «Табиғат пен қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері»
2 секция: «Геометриялық миниатюра»
3 секция: «Математика және өнер»
4 секция: «Математика тарихы»
5 секция: «Математика ғылымы»
6 секция: «Сандық ресурстарды құру, бағдарламалау»
7секция: «Қаржы математикасы»
8 секция: «Ақпарат саласындағы математиканы қолдау»
9 секция: «Кәсіби бағытталған есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану»
10секция: «Желідегі зерттеу жобалары»
11 секция: «Кәсіби қызметтегі математика»
12 секция: «Юниор».
Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша елордалық 3 оқушы 3 жобамен жүлдегер атанып, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды:
«Ақпарат саласындағы математиканы қолдау» секциясы бойынша
Тортаев Елнур 11 сынып оқушысы, №51 МЛ — ІІ орын;
«Табиғат пен қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» секциясы бойынша
Меренков Иван, 8-сынып оқушысы, №47 МЛ —ІІІ орын;
«Математика ғылымы» секциясы бойынша
Қаныш Абдулкарим, 6-сынып оқушысы, №56 МЛ —ІІІ орын иеленді.
Барша жүлдегерлерді және олардың ұстаздарын құттықтаймыз!