«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі

Ағымдағы жылдың 16-17 мамыр күндері «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша «JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты өтіп жатыр.
«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатысушылар 4 модульден тұратын тапсырмаларды орындайтын болады:
1 модуль: Электромонтаждау жұмыстарын жүргізуге дайындық;
2 модуль: Электр жабдықтарын орнату және монтаждау, кабельдер мен сымдарды төсеу және қосу;
3 модуль: Электр желісі мен электр жабдығын іске қосу-жөндеу жұмыстары;
4 модуль: Қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесінің электр жабдығы мен электр желісінің жарамдылығын тексеру.