9-16 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Смет Әлихан қола медальға ие болды, Қазақстан құрамасының қоржыны 3 күміс және 5 қола медальға толықты.
Білім кеңістігіндегі басты додалардың бірі боп саналатын Менделеев олимпиадасында қазақстандық химиктер жыл сайын жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
2021 жылы құрама команда онлайн режимде өткен олимпиадаға 10 оқушы қатысып, 2 күміс және 8 қола медаль иеленген еді. Ал 2020 жылы олимпиадада 8 қатысушыдан тұратын құрама команда 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық құраманы халықаралық білім бәсекесіндегі жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!