Білім берудің инновациялық технологияларының басты мақсаты-адамды үнемі өзгеріп тұратын әлемдегі өмірге дайындау, оқу үрдісін адамның әлеуетті мүмкіндіктеріне бағыттау және оларды инновациялық қызмет тетіктері, проблемаларды шешудің шығармашылық тәсілдері, шығармашылықты адам өмірінің нормасына айналдыру.
Өздеріңіз білетіндей, психология өте жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан ғылым, оның өмір сүру кезеңінде оның көптеген бағыттары мен қолдану салалары пайда болды. Әрбір маман үшін белгіленген классикалық әдістерді білу және қолдану ғана емес, сонымен қатар, психологтің этикалық қағидалардан ауытқымай, кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп, кәсіби саланың даму тенденцияларын бақылау өте маңызды деп ойлаймыз.
Елордалық білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық қолдау тәжірибесінде әртүрлі инновациялық технологияларды қолданатын және нәтижелері де жетерлік педагог -психологтеріміз бар. «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің жоспарына сәйкес «Жас психолог мектебі» оқыту семинары аясында «Инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, кәсіби шеберлікті арттыру» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға жас мамандармен педагогикалық іс- тәжірибесімен бөлісуге № 29 орта мектебінің педагог –психологі, «Үздік жыл психологі -2021» сайысының жеңімпазы тәжірибелі маман Клара Сүлейменқызы Загипарова шақырылды.
Семинар барысында Клара Сүлейменқызы психологиялық-педагогикалық практикада өзара әрекеттесудің ойын формасымен байланысты ойын технологияларын белсенді қолданудың әдістерін теориялық тұрғыдан баяндап, қатысушылармен тәжірибелік жұмыстар жүргізді. К. Загипарова әрбір технологияның элементін қолданудан бұрын оны теориялық тұрғыдан түсінудің маңыздылығына назар аудару керектігін баса айтты. Ойын баланы әлеуметтендірудің құралы ретінде тұлғаның қалыптасуына, білім мен құндылықтарды игеруге бағытталған әсерді қамтиды. Балалармен жұмыста қолданатын ойындарда балалар қарым-қатынас дағдыларын игереді, тиімді ынтымақтастықты үйренеді. Дидактикалық ойын есте сақтауды жаттықтырады, оқушыларға сөйлеу дағдылары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі; ақыл-ой белсенділігін ынталандырады, зейін мен танымдық қызығушылықты дамытады. Терапевтік ойын адамның мінез-құлқында, басқалармен қарым-қатынаста, ілімде кездесетін әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін қолданылады. Түзету ойындары девиантты мінез-құлқы бар оқушыларға көмектесе алады, олардың қалыпты әл-ауқатына және топтағы құрдастарымен қарым-қатынасына кедергі келтіретін тәжірибелерді жеңуге көмектеседі.
Арт-терапияны- өздігінен даму және зейінді, есте сақтауды, ойлауды жетілдіру (танымдық дағдылар), өмірлік тәжірибені зерттеу және қайта қарастыруға, мәселелерді оңай шешуге және вербалды емес деңгейде қарым-қатынас жасауды үйрету үшін (бейнелеу, қимыл-қозғалыс, дыбыс құралдарын пайдалану) өз тәжірибесінде қолданатынын айтты.
Балаға музыка арқылы жағымды әсер етудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Бұл әдісті белгілі бір жүйемен қолдана білу аса маңызды. Клара Сүлейменқызы музыкалық терапияның элементтерін дамытушы-түзетуші трениенгтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаның интеллектісін дамытуда үлкен жетістікке жетуге болатынын және музыкатерапияның психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық қызметтерді атқаратыны жайлы кеңінен түсіндірді. Жас мамандарға кез келген жағдайда музыка терапиясын қолдану өз нәтижесін бере бермейтінін ол үшін баланың жас ерекшелігі, дәл сол сәттегі жағдайы, психикалық өзгерістері, оның себептері туралы мәліметпен таныс болу шарт екенін де ескертіп өтті.
Инновациялық технологиялар элементтерін қолдана отырып, орындаған жаттығулар мен тапсырмалар қатысушылар үшін өте қызықты және әдістемелік жағынан пайдалы болды деп ойлаймыз. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінен 30 жас педагог – психолог қатысты.
Семинар соңында жүргізілген кері байланыста заманауи инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану адамның базалық құзыреттілігін, маман ретінде кәсіби шеберлігін қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне және өз қызметінде қолданатыны жайлы ой – пікірлерін білдірді.
Клара Сүлейменқызының іс – тәжірибесін зерделеу, жинақтау және қалалық деңгейде тарату бойынша ұсыныстар жасалды. Жас психологтермен тәжірибе алмасып, әдістемелік көмек көрсеткені үшін «Астана дарыны» ДДжПСО атынан Клара Сүлейменқызына алғыс білдіреміз!