Астаналық жасөспірімдер – Республиканың үздіктері !

2022 жылдың 11-13 мамыр күндері Шымкент қаласында өткен 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңіне  Қазақстанның барлық өңірлерінен 236 оқушы қатысты.
    Нұр-Сұлтан қаласы командасының құрамын олимпиаданың қалалық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған  22 оқушы құрады.
    Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша 7 алтын, 6 күміс және 1 қола, барлығы  14 медаль иеленген елордалық дарындар  «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды.
   Жасөспірімдер олимпиадасына қатысу  – оқушыға тәжірибе жинап, жоғары сыныптарда түрлі деңгейдегі білім бәйгесінде жеңіске жетуде сенімділік қалыптастырады. Жеңімпаздар болашаққа алғашқы жеңісті қадамдарын жасады!
  Жас елордалықтарды жеңісімен құттықтаймыз!