«JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты

Ағымдағы жылдың 16-18 мамыр аралығында «WorldSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионатынының аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында  «JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты өтеді. Чемпионатқа елордалық 6  білім беру мекемесінен 9 оқушы 3 құзіреттілік бойынша қатысады:

  1. «Мейрамханалық сервис» – 3 оқушы (2 оқушы – №1 МЛ, 1 оқушы- №85 МЛ), 18 мамыр күні, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі;
  2. «Сән технологиясы» 3 оқушы (№25 ОМ-1, №59 МЛ-1, №82 МЛ-1), 16-17 мамыр, Менеджмент, бизнес және білім колледжі;
  3. «Электрмонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша 3 оқушы (№22 МЛ), 16-17 мамыр, Жоғары көлік және коммуникация колледжі.

«JasSkills Nur-Sultan-2022» қалалық чемпионаты қатысушыларына сәттілік тілейміз!