Халықаралық «Математика және жобалау» конкурсы

2022 жылдың 7,8,12 мамыр күндері халықаралық «Математика және жобалау» атты ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі.
Нұр-Сұлтан командасы атынан 5 секция бойынша 6,8,9 және 12 сыныптардан 8 оқушы қатысады.

«Математика ғылымы» секциясына 3 оқушы, «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері» секциясына 2 оқушы, «Ақпаратты қорғау саласындағы Математика»; «Кәсіптік – бағдарланған есептерді шешу үшін математикалық әдістерді пайдалану» (Кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушылар үшін) және «Табиғат пен қоғамдағы математикалық модельдердегі нақты процесс » секцияларына 1 оқушыдан қатысады.
Елордалық оқушыларының табысты нәтижеге қол жеткізуіне тілектеспіз!