Робототехника бойынша өтетін қалалық «Robotek Grand Tournament 2022» чемпионатының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылдың 7-8 мамыр күндері ДДжПС орталығы мен «Роботек» робототехника мектебі Astana IT University базасында «Астана Innovations» АҚ, Astana IT University және BI Group құрылыс Холдингінің қолдауымен робототехника бойынша қалалық «Robotek Grand Tournament 2022» чемпионатын өткізеді.
«Жарыс пандемиядан кейін елордалық балалардың робототехникаға деген қызығушылығын қалпына келтіру, IT саласындағы жас таланттарды қолдау және дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару және балалар жылында еліміздің басқа қалаларында өткізілетін робототехника бойынша жарыстар мен бастамаларға моральдық қолдау көрсету мақсатын көздейді», – деп хабарлайды «Роботек» робототехника мектебінің негізін қалаушы Шалқарбеков Санжар.
Чемпионат соңғы екі жылда Нұр-Сұлтан қаласында робототехника бойынша ірі турнир ретінде өткізіліп келеді және елорда мен Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасының одан әрі дамуына серпін беруде.
Чемпионатқа қала мектептерінің командалары, робототехника үйірмелері қатысады. 149 елордалық команда қатысады деп күтілуде, қатысушылардың жас ерекшелігі – 10-17 жас аралығы.
Robotek Grand Tournament 2022 бойынша жеті номинация ұсынылады:

  1. Робо-сумо (9-12 жас);
  2. Кегельринг-квадро (10-14 жас);
  3. Сызық бойымен жүру (14-17 жас);
  4. Биатлон младшая (10-14 жас);
  5. Биатлон старшая (14-17 жас);
  6. Эстафета (10-17 жас);
  7. Лабиринт (14-17 жас).
    Робототехника жарысы – оқушылардың осы бағыт бойынша жан-жақты үйреніп және дамитын алаңы. Бұл цифрлық технологияларды қолданатын мамандықтарды игеруге ынталандырады. Баланың іскерлік болашағының іргетасын қалайды.
    Нұр-Сұлтанда дарынды, талантты балалар көп. Серіктестер мен демеушілердің чемпионатқа қолдау көрсетуі мектеп оқушыларының жауапкершілігі мен сенімділігін арттырады. «Оқушылардың білімі мен іскерлігі еліміздің болашағы үшін өте қажет деді «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы.
    Барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері санат бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және «Астана дарыны» ДДжПСО медальдарымен және BI Group компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Әр санаттағы жеңімпаз командалар кубоктармен марапатталып, бірден STEM-Олимпиадасының финалына өтеді.
    Жеңімпаздарды дайындаған педагогтар алғыс хаттармен, ал әр санаттағы жеңімпаз командалар кубоктармен марапатталады. Төрешілер жарыс санатын көрсете отырып, төрешілік тәжірибесін растайтын сертификат алады.

Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» орталығынан (Мәңгілік Ел 55/13, пост 5, блок 2С.1) алуға болады, e-mail: astanadaryn@mail.ru, тел.: 20-25-40.