2022 жылғы 30 сәуір күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Zerde-Lider» білім беру орталығы мен №66 мен №70 мектеп-лицейлерімен бірлесіп ұйымдастырған 7-8 сынып оқушылары арасындағы химия-биология пәндері бойынша І аймақтық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізді. Бұл іс-шара Қазақстандағы Балалар жылын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.
149 жас дарындар олимпиаданың екі күнінде күрделі есептерді шешуде химия, биология пәндері бойынша
білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы нәтижесінде ең үздік жасөспірімдер анықталды:
«Үздік теоретик» номинациясы Атырау облысы, дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Ахмедов Арсен;
«Үздік практик» номинациясы Маңғыстау облысы, дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Умарбаев Нұрқожа;
Олимпиаданың ең жас қатысушысы «Жас дарын» номинациясымен Павлодар қаласы №8 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Кравчук Игорь марапатталды;
Олимпиаданың «Абсолютті жеңімпазы» номинациясы биология пәнінен Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 8-сынып оқушы Амангелді Данаға берілді.
Оқушылар сарайы Олимпиадаға қатысушылар үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Қатысушылар барлық концерттік бағдарламаға ризашылықтарын білдірді.
«Астана дарыны» орталығы шараның бас демеушісі – Қазақстандағы әлеуметтік, білім беру және мәдени бағдарламаларды белсенді қолдайтын «Эксон Мобил» компаниясына Олимпиадаға белсенді қолдау көрсеткені және жас жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табыс еткені үшін ерекше алғысын білдіреді.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып 61 оқушы атанды, оның ішінде:
Биология, 7 сынып: І орын – 3, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 9, грамота – 4;
Биология, 8 сынып: І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ мест – 5, грамота – 4;
Химия, 7 сынып: І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 7, грамота – 4;
Химия, 8 сынып: І орын – 4, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 11, грамота – 4.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және оқушыларға алдағы уақытта да табыстар мен жеңістерге кенеле беруін тілейміз!