«АЛТЫН ТҮЛЕК» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

«Астана дарыны» ДДжПСО 2021-2022 оқу жылының жоспарына сəйкес 16 сәуір күні 10 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» олимпиадасының мектепшілік кезеңі өткізді. Оған елорда мектептерінен 1032 оқушы қатысты.
Мектепшілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нəтиже көрсеткен оқушылар іріктеліп, 137 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды.
Олимпиаданың қалалық кезеңінде мектеп оқушылары әр аудан бойынша іріктеліп, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ 2022 жылдың 27 сәуірдегі №311 бұйрығымен төмендегі мектептерде офлайн форматта өткізілді:
№35 мектеп-лицейі – Сарыарқа және Байқоңыр аудандары;
№73 мектеп-лицейі – Алматы және Байқоңыр аудандары;
№59 мектеп-лицейі – Есіл ауданы.
Жеңімпаздарды құттықтап, жаңа білім шыңдарын бағындыруда сəттілік тілейміз!