«WorldSkills және JasSkills Nur-Sultan – 2022» қалалық чемпионаты

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 29 сәуір күні «Астана концерт» залында «WorldSkills Nur-Sultan – 2022» қалалық чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.
Бұл іс-шара Мемлекет басшысының техникалық мамандықтардың басымдығын күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін ел Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» жолдауын іске асыру аясында өткізіледі.
Биыл чемпионатқа 45 құзыреттілік бойынша 260 жуық жастар, соның ішінде «JasSkills Nur-Sultan – 2022» чемпионаты бойынша жалпы білім беру мекемелерінен 3 құзыреттіліктен («Сән технологиясы», «Мейрамхана қызметі», «Электромонтаждық жұмыстар») 9 оқушы қатысады.
Ашылу салтанатында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Сенгазыев Қасымхан Сенгазыұлы қатысушыларды чемпионаттың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.