«Үйдегі ауа-райы» тақырынбағы ата-аналарға арналған вебинар

2022 жылғы 27 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының педагог-психологтері Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналарына арналған «Үйдегі ауа райы» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты: ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру. Бала тәрбиесінің түрлері және олардың баланың жеке басының дамуына әсері жөнінде ата-аналардың білімдерін кеңейту.
Вебинар дәріскерлері-Капанова Г.К. психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы және педагог-психолог Хамзина К. М ата-аналарға бала үшін отбасында қолайлы климат құру тәсілдері бойынша ұсыныстар берді.
Хамзина К.М. ата-аналарға баланың психикалық денсаулығын қалыптастырудағы отбасының рөлі, балаларды тәрбиелеу түрлері және олардың бала тұлғасының дамуына әсері туралы айтты. Өз сөзінде ол психологиялық климат қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін екенін атап өтті. Педагог-психолог отбасындағы психологиялық климаттың баланың дамуы үшін маңызы зор екенін тілге тиек етті. Психологиялық климат отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарына байланысты туындайтын отбасындағы адамның әл-ауқаты, көңіл-күйін анықтайтыны жане олардың өзара әрекеттесуінің күш-жігеріне байланысты психологиялық климат қолайлы немесе қолайсыз болып бөлінетіндігі туралы айтылды.
Баланың дүниеге келуі мен оның тәрбиесінің басты факторы махаббат болып табылғандықтан, ата-аналар өз кезегінде өздерінің сүйіспеншілігі мен сезімдерін сақтап, көбейтуі керек, өйткені баланың бір-бірін шын жақсы көретін ата-ана отбасында өсуі өте маңызды деп ескерілді.
Әрі баланың дүниеге келуіне байланысты ата-ана жаңа сапада, яғни әке мен ана атанып, өз көзқарастарын қайта құрып, кемшіліктері мен жаман әдеттері болса қайта қарастырып және онымен куресу жұмыстарын істей білгенде ғана, ата-ана өз баласына тек өзінің үлгісімен әсер ете алатыны жайлы сөз қозғалды.
Г. К. Капанова өз хабарламасындағы роликтер мысалында ата-ананың өз сөздерін, эмоцияларын, іс-әрекеттерін басқара алуы қаншалықты маңызды екеніне назар аударды. Психолог-практик ретінде ол отбасылық жанжалдар баланың эмоционалды фонына, оның кейінгі қалыптасуы мен дамуына теріс әсер етуі мүмкін екенін, олардың жүйке жүйесіне, денсаулығына және психикасына теріс әсер ететінін де атап өтті. Ата-аналарға отбасында қолайлы психологиялық климат құру, жанжалды жағдайларды реттеу, өз қателіктерін және баласын түсіну, тану бойынша ұсыныстар берілді.
Балалары өз құпияларын бөліспейді, олармен шынайы емес, отбасы мүшелеріне қарағанда достарымен көбірек сөйлеседі деп айтатын ата-аналарға: «Үйдегі ауа-райы» неғұрлым нашар болса, көшеге көбірек тартылады. Өйткені, «Үйдегі ауа-райы» – бұл өзіміз жасайтын климат.
Ш.А. Амонашвили айтқандай: «Бала өзіне деген шынайы және риясыз махаббатты сезінген бойда бақытты болады».