Химия және биология пәндері бойынша І аймақтық жасөспірімдер олимпиадасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін орны: Әл Фараби атындағы оқушылар сарайы (Момышұлы к.,5)

Басталуы: сағ. 09:30

Өтетін күні: 2022 жыл, 30 сәуір

         «Астана Дарын» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылдың 30 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, «Zerde-Lider» оқыту орталығының қолдауымен, химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында I аймақтық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізеді.

         Олимпиаданың демеушісі – қайырымдылық істерімен танымал болған әлемдегі ең ірі мұнай компаниясы «Эксон Мобил» компаниясы.

         Қазақстанда «ExxonMobil Kazakhstan Inc.» компаниясы әлеуметтік, білім беру және мәдени бағдарламаларды қолдайды, сондай-ақ білім беру саласына үнемі демеуші болып келеді.

         Химия-биология пәндері бойынша І аймақтық олимпиада интелектуалды дарынды балаларды ерте анықтау, оқушылардың химия-биология пәндеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткізілуде.

Олимпиада ағымдағы жылдың 28-29 сәуірі күндері Нұр-Сұлтан қаласында 2 турда(теориялық және практикалық) өтті. Атаулы олимпиадаға Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларының командалары қатысты.

149 жас зияткер химия және биология пәндері бойынша күрделі олимпиада есептерінің шешімін табуда өздерінің бар білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, додаға түсті. Химия пәні бойынша 84 оқушы қатысты, оның ішінде: 7 сынып – 32 оқушы, 8 сынып – 52. Биология пәні бойынша – 66 қатысушы: 7 сынып – 40 оқушы, 8 сынып – 26.

Интеллектуалдық сайыстарға қатысу мектеп оқушыларына олардың тұлғалық өсуі мен дамуына, өмірде табысқа жету үшін қажетті жаңа білім алуға, өз бетінше ойлауға, қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға көптеген мүмкіндіктер береді.

Бүгінгі таңда бізге интеллектуалды дамыған, болашақта еліміздің экономикалық және саяси даму жолын айқындайтын жастар қажет.

Марапаттау рәсімінде олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және демеушілік көрсеткен Exxon Mobil компаниясының сыйлықтарымен марапатталады.

Қосымша ақпаратты «Астана Дарын» орталығынан алуға болады: Мәңгілік Ел көш., 55/13, 5 пост, 2С.1 блогы, e-mail: astanadaryn@mail.ru, тел.: 20-25-40.