2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің ІІІ (қалалық) кезеңі

        «Астана дарыны»  дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу  орталығы  Нұр-Сұлтан   қаласының білім  беру мекемелерінің   2-4  сынып оқушыларына  арналған «Бастау»  республикалық  математикалық  турнирінің ІІІ (қалалық) кезеңін №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі (қазақ тілінде оқытылатын мектептер)  және №89 мектеп-лицейі (орыс тілінде оқытылатын мектептер) базаларында өткізеді. «Бастау» математикалық турнирінің ІІІ (қалалық) кезеңі қазақ тілінде оқытылатын және орыс тілінде оқытылатын мектептер үшін 2 топта  өтеді.

         Турнирдің мақсаты:  бастауыш сынып оқушылары арасынан математика пәніне деген қабiлетi жоғары, дарынды балаларды анықтап, оларға арнайы жағдай жасау, математикадан оқушылардың олимпиадалық резервiн қалыптастыру, оқушының математикалық бiлiмiн, математикаға деген қызығушылығын арттыру,

Турнирге Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің командалары қатысады. Команданың құрамында бір  жетекшi мен 3 оқушы болу керек: (2 сыныптан – 1 оқушы, 3- сыныптан – 1 оқушы, 4-сыныптан – 1 оқушы)

          Әр тур жеке және командалық біріншілікті анықтайды. Ең жоғары ұпай жинаған оқушыларға I, II, III дәрежелі дипломдар және грамоталар беріледі. Үздік команда республикалық кезеңге жолдама алады.