«Психикалық денсаулық туралы сөйлесейік» тақырыбындағы семинар

2022 жылдың 28 сәуірінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Binom «Тұран» мектеп-лицейінің базасында 8 сынып оқушыларына «Психикалық денсаулық туралы сөйлесейік» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған профилактикалық психологиялық-педагогикалық шараларды жүзеге асыру.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Л.Ж. Бодикова жасөспірімдерге «Психикалық денсаулық туралы сөйлесейік» семинарын оқыту барысында кездесетін қиындықтар мен аталған оқыту форматына қалай ауыр салдарсыз бейімделуге болатыны жайында, психологиялық тұрғыда ұстамдылық таныту және үй жағдайында жұмыс орны мен күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру туралы кеңестер берді. Сонымен қатар, қатысушылармен бірге орындай отырып, сабақ арасындағы үзілістерде жасалатын, мидың жұмыс жасау қарқынын арттыратын жаттығулар жүйесі ұсынылды. Келесі мәселе бойынша, алдымен, білім алушылардан «психикалық денсаулық» дегенді қалай түсінетіндіктері туралы ойлары сұралды. Одан кейін презентация арқылы психикалық денсаулық жайында жалпы мәлімет беріліп, «Адам өз эмоциялары мен сезімдерін қалай басқарады?», «Әдетте адам эмоциясын басқара алмағанда қандай жағдайлар болуы мүмкін?» деген сияқты сұрақтар төңірегінде ақпарат берілді. Адам өзін-өзі психологиялық тұрғыда жақсы сезінуі үшін, жағымсыз эмоциялардан арылу мақсатында жасалатын жаттығулар жүйесі ұсынылды. Оқушылардың сұрақтары, ойлары мен ұсыныс-пікірлері сұралды.
Семинарға 48 оқушы қатысты.