Елордада 7-8 сыныптар арасында химия-биология пәндері бойынша бірінші аймақтық олимпиада басталды

Бүгін, 2022 жылдың 28 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша бірінші аймақтық олимпиада басталды.
Атаумыш олимпиаданы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы және ең ірі қоғамдық мұнай компаниясы «Exxon Mobil Kazakhstan Inc.» компаниясының қолдауымен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы өткізеді.
Бірінші аймақтық олимпиадаға Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларының командалары қатысты.
Екі күн бойы 150 жас химик пен биолог осы пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерін көрсете отырып, сан қырлы есептерді шешеді. Сондай-ақ «Астана дарыны» орталығы мәдени бағдарлама ұсынады. Олимпиадаға қатысушылар елорданың ұлттық мұражайын, ЭКСПО (Нұр Әлем) көрмесін және басқа да көрікті жерлерін аралайды.
Бүгін олимпиаданың бірінші күні жас зияткерлер Radisson Hotel Astana қонақүйінде олимпиада тапсырмаларын орындайды.
Олимпиаданың екінші күні 2 мектепте өтеді: химиктер №66 мектеп-лицейінде, биологтар №70 мектеп-лицейінде болады.
Олимпиаданың демеушісі демеушілік қызметімен танымал әлемдегі ең ірі мұнай компаниясы – Exxon Mobil.
Қазақстанда ExxonMobil Kazakhstan Inc. әлеуметтік, білім беру және мәдени бағдарламаларды белсенді түрде қолдап келеді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау 30 сәуірде Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Республикалық «Дарын» орталығының I, II және III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен, сондай-ақ демеуші Exxon Mobil компаниясы ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Аймақтық олимпиаданың басталуымен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!