10-сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып (келісім бойынша), 2022 жылдың 29 сәуірінде 10 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: Жоғары сынып оқушыларын математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыра отырып, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту.
Олимпиада мемлекеттік тілде (Есіл және Сарыарқа аудандары мектептері үшін №59 мектеп-лицейінде, Алматы мен Байқоңыр аудандары мектептері үшін №73 мектеп-лицейі базаларында) өтеді.

Өтетін орны аудандар бойынша: 1. Есіл және Сарыарқа аудандары мектептері үшін №59 мектеп-лицейі (Сауран көшесі, 5);
2. Алматы мен Байқоңыр аудандары мектептері үшін №73 мектеп-лицейі (көше-191,2).
Тіркелу уақыты: сағ. 09.30-09.45

Басталу уақыты: 10.00